«Қамысқала» мешітінде жөндеу жұмыстары басталды

Атырау облысының Исатай ауданына қарасты Х.Ерғалиев ауылындағы «Қамысқала» мешітін жаңарту жұмыстары қолға алынды.

29meshit09

2004 жылы депутат Н.Мақашев пен мешіт қызметкерлерінің демеушілігімен салынған бұл ғимаратқа бұдан бұрын ешқандай жөндеу жұмысы жүргізілмеген. Тіпті, мешіт ауласында намазға дайындалатын арнайы дәретхана да болған емес. Құлшылық орнының қазіргі күйіне жаны ашыған мешіттің бас имамы Қанайбек Төлендіұлы мен Х.Ерғалиев ауылының «Иман жастары» еріктілер тобы дәретхана құрылысына кірісіп кетті.

29rem0920

- Атырау облысының бас имамы басшылығымен, демеушілік арқылы басталған бұл құрылыс ерлер мен әйелдер дәретханасы және жылу орнатқыш бөлмесі болып үшке бөлінген. Ал, мешітіміздің ішкі жөндеу жұмысына керекті қаржы әлі де жиналып жатыр, - дейді бас имам.

2909rem

Айта кетсек, Қанайбек имам Қамысқала мешітіне осы жылдың наурыз айынан бастап тағайындалған болатын. Содан бері ғимарат құрылысынан қолы босаған емес. Халықтан демеушілік қаржы жинау ісін қолына алған мешіт қызметкері Азамат Қалиев жөндеу жұмысына 2 миллион теңге көлемінде қаражат қордаланғанын айтады.

29rem

- Мешітіміздің жөндеу жұмысына деп ашқан шотымызға 2 миллион теңгегедей қаржы жиналды. Соның арқасында құрылысқа қажетті метериалдар алынып, бастапқы жұмыстар басталып та кетті. Дегенмен, қаржы жинау тоқтатылған жоқ. Өйткені, жасалатын жұмыс көп. Әлі де игі бастамаға көмек қолын созамын деушілерге сауап жинап қалуға мүмкіндік бар, - дейді мешіт қызметкері.

Байболат СҰҢҒАТОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521