Қамысқала жамағаты жұма сайын тегін нан таратады

Сағынып күткен Рамазан айының қимастықпен шығарып салар соңғы күндері де өтуде.

Бұл Рамазан бізге не ұқтырды, нені түйдік? Мысалы, бұрынғы Рамазан айында мешітіміздің алдына киіз үй тігіп, ауызашар жасап, имамдардан насихат тыңдап, ораза ұстаушылардың қуанышты жүзін көріп, бір жасап қалатын едік. Биыл төтенше жағдайларға байланысты мұндай шаралар өтпейтін болды. Десек те, көпшілікпен ауызашардың, жамағатпен мешітте оқылар тарауих намазының қадір-қасиетін ұғындырып бергені рас. Бір ерекшелігі, қайырымдылық жасау, садақа беру жылдағыдан көбейді. Өйткені, төтенше жағдай кезінде қайырымдылыққа шектеу жоқ.

Атап кетер бір жайт, біраз уақыт болды, ауылымыздағы «Х.Ерғалиев иман жастары» атты еріктілер тобы «Дастан» дүкенінде жұма сайын тегін нан таратып келеді. Жақында олар «Жандос» және «Дана» дүкендерінің сөрелеріне де тегін нан қойған болатын. Бұл игі істі артынша Ж.Айтбаев және Ғ.Жәңгіров көшелерінің тұрғындары бірлесе жалғастырып, «Бекзат» дүкеніне, М.Қалиев көшесі тұрғындары болса «Ақнұр» дүкендерінде тегін нан таратуды қолға алып жатыр. Бір ауылдан бес бірдей дүкенде осылайша жұма сайын тегін нан таратылады. Бұл дегеніңіз керемет емес пе?!

Ауылымыздың, ауданымыздың барша халқын қайырымдылық жасауға шақырамын.

Азамат ҚАЛИЕВ,

Х.Ерғалиев ауылының тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521