Қамысқалада мал сою цехы бос тұр

Жуырда Қамысқала ауылдық мәдениет үйінде ауылдық округ әкімі Рафиғат Тәжиденова тұрғындар алдында есеп берді.

Оған аудан әкімі Полымбет Хасанов, мекеме-бөлім басшылары қатысты. Жылдың қорытынды есебін тыңдауға келген тұрғындардың қарасы қалың болды.

Қамысқала ауылдық округінде өткен жылы атқарылған жұмыстар жөнінде ауылдық округ әкімі Рафиғат Тәжиденова баяндамасында кәсіпкерлік, салық түсімі, ауыл шаруашылығы, жол құрылысы жөнінде деректер келтірді.  

Шаруагерлер мен жеке тұрғындарды сумен қамту мақсатында жергілікті бюджеттен 11 264,0 мың теңге қаражат бөлініп, каналдардың сумен толтырылып, ауыл шарушылығы дақылдарын суаруға «ҚазСуШар» мекемесімен 9 шаруа қожалығы келісім шарт жасап, мал азығын дайындау жұмыстарын атқарған.

i

Барлығы ауыл бойынша 121 көше шамының 98  көше шамы жанып тұр. Саябақтарға 157,5 мың теңгеге 450 түп жаңадан тал көшеттері отырғызылды. Ауыл көшелеріне баннер, басқа да көрнекіліктер жасатуға 500,0 мың теңге қаржы жұмсалып, игерілді. Санитарлық тазалықты сақтап, абаттандыру мақсатында берілген 500 мың теңгеге қоқыс алаңдары күреліп, тегістелді, жаяу жүргінші көпірлері сырланды.

Х.Ерғалиев ауылындағы кіре беріс қақпаға шағын архитектуралық құрылыс орнатылды. Бөлінген 6200,0 мың теңгенің 4600,0 мың теңгесі жұмсалып, 1600,0 теңгесі үнемделді. Үнемделген қаржы осы орнатылған шағын сәулет формасына дейін жарық желісін тарту мен ауыл ішілік көше жарықтарын күтіп ұстауға пайдаланылды. Х.Ерғалиев ауылының орталығындағы балалар ойын алаңы жәй жөндеуден өткізілді. Бөлінген 3700,0 теңгенің 3145,0 теңгесі жұмсалып, 555,0 теңгесі үнемделді. Үнемделген қаржысы Х.Ерғалиев ауылындағы Ардагерлер мемориалдық тақтасын жәй жөндеуге жұмсалды. «Жайық жарығы» ЖШС-мен құны 72017,0 мың теңге болатын Х.Ерғалиев ауылының бас жоспарына сәйкес тұрғын үй құрылысы үшін жаңа жерлерге электр желісінің құрылысы мен көше жарығы желісі аяқталып, пайдалануға берілді. Облыстық энергетика басқармасының қолдауымен ауылдың батыс бөлігі мен «Сад» басындағы тұрғын үйлерді тұрақты  әрі қуатты ток көзімен қамту үлкен трансформатор іске қосуға берілді. Аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі арқылы Х.Ерғалиев ауылындағы су тазарту ғимаратына 24,6 млн теңгеге ішінара күрделі жөндеу жүргізіліп, тазарту қондырғылары ауыстырылды.

i

Тұрғындармен сұрақ жауап алмасу кезеңінде:

«Ауылдың шетіне салынған шағын футбол алаңы мен саябаққа ешкім бармайды, алыс» - дейді ауыл тұрғыны Ибатолла Сәтенұлы.

«Кез-келген мәдени демалыс орындары мен саябақтар, тұрғындардың демалып тұруына ыңғайлы орында, және ауылдың шетінде емес, ауылдың орталығында болуы керек. Ауылдың ішкі жол мәселесі де шешілуі тиіс» - деді ол.

i

«Кәсіпкер Әділ Жұбанов деген азаматтың демеушілігімен, ауылдың кіре берісіндегі саябақты кеңейтіп, ішіне тиісті құрал-жабдықтарды қойып, жаңғырту бағытында жобалық сметалық құжаттамасын жасақтап, мемлекеттік сараптамадан өткізіп беріп жатыр. Соның бәрін жасап болғаннан кейін біздерге табыстаймыз дейді. Оған біз бюджеттен қаржы сұратамыз. Сол саябақтың қаржысы шешілмей, құжаттама жасақтауға болмайды. Себебі, жасалған құжаттама мемлекеттік сараптаманың қорытындысынан кейін үш жылдың ішінде оған қаржы бөлінетін болуы керек. Бірақ, біз үшін бірінші кезекте ол емес, жол жөндеп, көше жарығын орнату» - деді аудан әкімі.

Ал, ауылдың ішкі жолы туралы:

«Хамит Ерғалиев ауылына 8,6 шақырым автожол және 4,3 шақырым жаяу жүргіншілер жолын салу үшін жобалық сметалық құжаттамалары дайын тұрған жұмыстарды бастау үшін өткен жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында ақша бөлуді сұрап, облыстық әкімдікке өтініш бердік. Қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алудан мердігер айқындалып, жұмысты биыл бастауды міндеттемесіне алды. Келісім шарт жасақталып жатыр. Мердігер мекеме басшысын өзіме шақыртып алып, жұмысты биыл аяқтап беруді тапсырдым» - деп жауап берді.

Тұрғындардың атынан Жаңбырбай Сахуалин:

- «Атырау-Астрахан» тас жолы бойынан тағы бір мал өтетін өткел салу керек, әйтпесе, тек бір өткел арқылы малды жүргізу қиын және ауылда мал соятын орын ашылса»,- деді. 

Аудан әкімі екінші өткел салынбайтынын, мердігер мекеме жоба бойынша жұмыс жүргізетінін, жобаға енді өзгеріс енгізілмейтінін айтты. 

«Ал, мал сою цехын біз мемлекет тарапынан салдық, бірақ, онымен мемлекет айналыса алмайды, тек сенімгерлікке беріледі. Бізде соған байланысты жылына екі рет конкурс жарияланады, бірақ ешкім алмай отыр», деді аудан әкімі.

Округ әкімінің айтуынша, мал сою цехында бар жағдай жасалған. Іші-сырты күтімде тұр. Бірақ, әлі ешкім сенімгерлікке алмай отыр.

Ауыл тұрғыны Сыралы Сиғуатов:

«Ауылдың Ауқайран бетіндегі жер телімдерін алған шаруа қожалықтары шабындық жерлерін қоршаған кезде бақсай өзегінің жағасын қоса қоршап алады. Өзектің жағасымен жүру мүмкін емес. Қазір уақытша ашық тұрғанмен, наурыздың соңына қарай қайта жауып тастайды» - деді.

img_2288

«Негізі шаруа қожалықтары заң бойынша өзектің жағасын 30 м. жерге дейін қоршауға болмайды. Біз оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырмыз. Жерді пайдалану заңына сәйкес, оларға тиісті шара бар, айыппұл бар. Енді біздің бақылауымызда болады» - деді ауыл әкімі Рафиғат Тәжиденова.

Берікбол ҚОНАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521