Қамысқалада сексеннің сеңгіріне шыққан кейуана өз таңдауын жасады

Исатай ауданында Қамысқала ауылдық округі әкімінің сайлауына тұрғындар белсенділікпен қатысуда.

Олардың ішінде ауылдың үлкендері де бар. Солардың бірі  сексеннің  сеңгіріне шыққан кейуана Жұпар Мұханбетова саяси науқан кезінде таңдау жасап, дауыс беру әр адамның азаматтық парызы деген пікірде.

- Бүгінгі сайлау біздер үшін маңызды. Ауылымыздың әкімін бір ауыздан сайлап, ауылдың кемел келешегін жаңа басшыға сеніп тапсырмақпыз. Сондықтан да сайлаудан тысқары қалмай өз дауысымды беруге келдім. Әр тұрғын өткізіліп жатқан сайлаудың маңыздылығын түсініп, таңдауды дұрыс жасайды деген сенімдемін, - дейді Жұпар есімді кейуана.

Айта кетейік, Қамысқала ауылдық округінің әкімін сайлау жалғасуда. Тұрғылықты мекен-жай бойынша №128, №129 сайлау учаскелері тұрғындар үшін жұмыс жасауда.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз