Қамысқалаға Ілия Жақанов келді

Новобогат ауылдық мәдениет үйінде композитор, жазушы, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ілия Жақановтың аудан тұрғындарымен кездесу кеші өтті.

ijaxan4

Атырау облысы әкімдігінің бастамасы, облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер музейінің ұйымдастыруымен болған кездесуде алдымен ҚР Көркемсурет академиясы академигінің атындағы көрменің ашылу салтанаты болып, оның лентасын ауданның Құрметті азаматы Жұмажан Қадимов пен еңбек ардагері Ұзақбай Уәлиев қиды.

ijaxan2

«Бұл - менің Ұлы мекенім» атты көрмені таныстырған Ш.Сариев атындағы өнер музейінің экскурсия жүргізушісі Лаура Сақтапбекқызы қылқалам шеберінің қиялынан туындаған туындылардың тарихымен жете таныстырып, сол жерде суретші өз кітабын кеш қатысушыларына естелікке таратты.

ijaxan1

Сонымен бірге сахнада аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы Саябек Шагиров қайраткермен сұхбат жүргізіп, жиналғандар көкейдегі сұрақтарына жауап алса, Новобогат саз мектебінің «Көңіл күй» фольклорлық ансамблі мен аудан өнерпаздары да композитордың әндерін шырқады. Ал, Ілия Жақанов болса, әндерінің шығу тарихына тоқталып, тыңдарманның талғамын тап басқан шығармалары жайында сыр шертті.

ijaxan3

Шара соңында композиторға аудан әкімінің алғыс хатын орынбасары Болатбек Сисатов табыстап, мерейлі мейманның арқасына қазақы дәстүрмен шапан жауып, құрмет көрсетті.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521