Қамысқалалық оқушылар Қадыр өлеңдерін оқыды

Новобогат ауылдық кітапханасында «Қадырды бірге оқимыз» акциясы аясында поэзия сағаты өтті.

qad-oqu-04

Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектеп оқушылары мен кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысқан шара екі бөлімнен тұрды. «Өлең сөздің зергері» бөлімінде мектеп оқушылары Іңкәр Нағим, Аяулым Асхатқызы, Айда Айболатқызы, Гүлбибі Дарынқызы, Кәусар Хамитовалар ақынның ел мен туған жер тақырыбындағы өлеңдерін мәнерлеп оқыса, «Мен оқитын, мені оқитын, мені ұғатын халық бар» атты жаңылтпаштарды жатқа айту кезеңінде де олар ұшқырлық көрсете білді.

qad-oqu41

Поэзия сағатына қатысқан кітапхана оқырмандары ақынның туғанына 85 жылдығына арнайы жасақталған кітап көрмесін тамашалады.

Айта кетейік, шараның мақсаты ұлттық әдебиеттің ұлығы, қазақ поэзиясының пырағы, ақын Қадыр Мырза Әлінің туындыларын өскелең ұрпаққа насихттау, жас ұрпақтың бойына сіңіру болды.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521