Қамысқалалық Әлия бетперделер тігіп тұрғындарға тегін таратпақ

Х.Ерғалиев ауылындағы жеке кәсіпкер Әлия Өмірзақова бетперде тігіп, тұрғындарға тегін таратуды қолға алды.

Көпбалалы ана, қайтарымсыз грант иегері "Рахат" тігін шеберханасының иесі қамысқалалық Әлия елдегі ахуалға байланысты ауылдағы тігіншілерге тегін шеберлік сыныбын өткізіп, тігілген бетпердені ауыл тұрғындарына тегін таратпақ.

Бұл туралы Қамысқала ауылдық округінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

Бұл игі бастамаға ризашылықтарын білдірген фейсбук қолданушылары кәсіпкер анаға жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

masca170320a

«Әлия, Алланың назарында, өмірдің базарында болғайсың. Халқың үшін қам жегенің үшін мың алғыс. Тамаша қасиетің алдыңнан шығары анық. Даланың адыраспанының өзін удай бағаға сатып отырғандардан түңіліп отырмыз. Олар сенің қамқорлығыңды оқып, ұялса керек-ті» дейді Ақзия Мұхзаруова деген желі қолданушы. Ал, Гүлжан Нұрсұлтанова: «Басқаға үлгі боларлық жақсы бастама. Жағдайы көтере алатындар сатып алсын. Әрине, мүмкіндік болса» деп кәсіпкерге жанашырлығын да білдірді.

Аудандық кәсіпкерлер және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрберген Өтегеновтің айтуынша, бетперденің матасына алуға аудан кәсіпкерлері демеушілік жасап отырған көрінеді. Бетперде шыт матаның екі, дәкенің төрт қабатынан тігіліп жатыр екен.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521