Қамысқалалық ханымдарға ризамын

Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында қайырымдылық шаралары да жылдағы үрдісінен жаңылмай, бергендер сауапқа кенеліп, алғандар мейірімге бөленді.

Бұрын да қайырымдылықтан қол үзбейтін қамысқалалықтар үшін Құрбан айт мерекесі сауапты істерге толы болды. Мүмкіндігі шектеулі жандар мен аз қамтылған отбасыларға созылып жатқан көмек қолы бәрімізді тәнті етті. Ол көмектен біздің отбасымыз да құр қалған жоқ. Ауыл әкімі Рафиғат Тәжиденова мерейлі 70 жасыма орай Құрмет грамотасын тапсырып, мереке қарсаңында мерейімді тасытса, «Аққу» балабақшасының меңгерушісі Алма Жұмабайқызы айтқа арнап бір қой сыйлады. Ал, білікті педогог, соңғы кездері қайырымдылық шараларының бел ортасынан табылып жүрген ауыл еріктісі Бибігүл Төлеуова құрбанға шалған қойының жарты етін әкеліп, жылы сөзімен жанымызға жылу септі.

Бұл хатымды ауданымыздың айнасы – төл газетімізге жолдаудағы себебім жақсылықты жария қылу, сол арқылы адал жүректі жандарға алғыс сезімімді білдіру еді. Осынау қиын кезеңде бір-біріне қамқор болған елімізді ешқандай жау да, дау да ала алмайды. Тек, қай кезде де кең пейіліміз бен иманымыздан ажырамасақ екен. Ақжүрек жандар азаймаса екен.

Баян ЖҰМАТҚЫЗЫ,

Х.Ерғалиев ауылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT