Қамысқалалық туған күн иесіне сайлау учаскесінде сыйлық жасалды

Қамысқалалық Әйгерім Мағзомова үшін бүгін ерекше күн.

23 жасқа толып жатқан Әйгерімнің туған күні саяси науқанмен тұспа-тұс келіп отыр. Бұны елеусіз қалдырмаған сайлау учаскесіндегілер оның жеке мерекесіне ерекше сый жасапты. Х.Ерғалиев ауылындағы Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектепте орналасқан 128-сайлау учаскесінде дауыс берген Әйгерімге учаске төрағасы Амантай Жалекеев сый жасап, құттықтау хат пен естелік сыйлық табыстады.

- Мен - жас кәсіпкермін. Сосын да шығар, мемлекеттің шағын және орта бизнеске айрықша көңіл бөліп отырғанынан хабардармын. Бұл ел дамуының жарқын көріністерінің бірі ғана. Ел дамуының ерен белгісін осы саяси науқандағы ерекшеліктерден де байқауға болады. Мәселен, бұндағы кандидаттардың отыз пайызын жастар мен әйел адамдар құрайды екен. Біздің мақсатымыз - елдің жарқын болашағы. Сол үшін сайлау учаскеме барып, өз таңдауымды жасадым, - дейді Әйгерім.

Айта кетейік, аталған сайлау учаскесінде 1321 сайлаушы тіркелген.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521