Қамысқалалықтар ардагер кітапханашыға ақ тілектерін білдірді

Қарттар күні қарсаңында Х.Ерғалиев ауылының кітапханашылары, мәдениет үйі және музей қызметкерлері Қамысқала және Х.Ерғалиев кітапханаларының қызметшісі Назгүл Мұқанованы зейнеткерлік демалысқа құрметпен шығарып салды.

Шара барысында Назгүл Қилапқызына аудандық мәдениет дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сейтжан Бегесинов пен кәсіподақ төрайымы Сәния Көбееваның алғыс хаты табысталып, естелікке сыйлық ұсынылды.

Басқосуда Қамысқала ауылдық мәдениет үйінің басшысы Жібек Мұхтарова, Х.Ерғалиев атындағы музей меңгерушісі Айгерім Жәнібекқызы, Қамысқала, Х.Ерғалиев ауылдық кітапханаларының меңгерушілері Меңсұлу Болысқызы мен Айгүл Хайырқызы зейнеткерге жылы лебіздерін білдіріп, алғыс хаттары мен естелік сыйлықтарын тапсырды.

1

Мәдениет үйінің өнерпаздары Талғат Сатыбаев, Жәнібек Жөкеев, Толқын Ниғметовалар әуелеткен әсем ән де көңілді кештің көркін қыздырды.

121020citap

- Назгүл апай 2007 жылдан бері Хамит Ерғалиев ауылында орналасқан Қамысқала және Новобогат ауылдық кітапханаларында қызмет етіп, қызметкерлердің алаңсыз жұмыс жасауына, рухани орынның тазалығын сақтау арқылы оқырмандарымызға да жағдай жасап, кітапханамыздың өз деңгейінде жұмыс жасауына үлкен септігін тигізген жан. Назгүл Қилапқызымен қызметтес болған 13 жылда талай игі сәттердің куәсі болдық. Зейнеткерлік жылдарында да сол қуаныштары еселеніп, уайым-қайғы көрмей, алаңсыз, жайлы ғұмыр кешуіне шын жүректен тілектеспіз, - дейді Х.Ерғалиев ауылдық кітапханасының меңгерушісі Айгүл Ахатова.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521