Қамысқалалықтар өз әкімін сайлады

2021 жылғы 7 қарашада Исатай ауданының Қамысқала ауылдық округі әкімін сайлау Қамысқала сайлау округі бойынша өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік  сайлау  комиссияларының Исатай ауданының Қамысқала ауылдық округті әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды.  

Қамысқала сайлау округі Қамысқала ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2 374 азамат енгізілді, олардың 1904-ы дауыс берді.

Жарамсыз  бюллетеньдер саны - 13,  

«Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 20.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Сабиев Болатбек Апсатырұлы – 132;

Сыдихов Жумажан Шәріпұлы  – 199;

Тәжиденова Рафиғат Әнуарбекқызы – 1540.

Тәжиденова Рафиғат Әнуарбекқызы, 1968 жылы дүниеге келген, «Қамысқала ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, ауыл әкімі, Қамысқала ауылдық округінің Х.Ерғалиев ауылының тұрғыны, «Nur Otan» партиясы ұсынған Қамысқала ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521