Қамысқаланың халі қалай?

Қамысқала ауылдық округі әкімі Рафиғат Тажиденова есептік жиынында атқарылған жұмыстар жайлы баяндады.

Жыл қорытындысы бойынша "Таза ауыл" атанған Х.Ерғалиев ауылының басқа да жетістіктері аз емес. Ағымдағы жұмыстар өз алдына, бұндағы басшылардың ұйымдастырушылық белсенділігі, сондай-ақ, ауыл халқының қолдауын ерекше атап өткен жөн. Рафиғат Тажиденованың айтуынша, бұнда, әсіресе, кәсіпкерлердің еңбегі ерен. Қай шара болмасын жұмыла кететін ауыл азаматтары қамқорлықтан да, көпшілік шаралардан да қалыс қалмауда. Облыстық мәслихат депутаты Әділ Жұбанов ардагер Насихат Ғилмановтың үй құрылысына 3 млн. теңге қаржылай көмектессе, үйі өртке кеткен Ерлан Қалимовке баспана салуға 500 мың теңге көлемінде қаржыға ақ тас алып берген. Мұнымен де шектелмей, ауыл жастары үшін бой көтерген шағын футбол алаңына өз қаражатына жасанды жабын төсеп берген азамат тұрғындарды салауатты өмір салтына тәрбиелеуде де зор үлес қосып отыр.

shod-q32

Түйткілдер де жоқ емес. Солардың бірі ауылдың батыс бөлігі назардан тыс қалып жататынын айтқан ауыл әкімі осы жылы 40 жыл бұрынғы мектеп бітірген түлектердің демеушілігімен ауылдың сол бөлігінен балаларға арналған ойын алаңын салу жоспарда бар екенін жеткізді.

Ауыл ардагері Ұзақбай Уалиев жедел жәрдем мәселесін айтты. Мәселе емей немене, ауруға шақырған жедел жәрдем қызметі 1 сағат дегенде жетіпті әупірімдеп. - Осыны реттеу керек қой. Бір сағатта кез келген сырқат адам өмірден өтіп кетуі мүмкін, - дейді ашынған ардагер.

Басқа да мәселелер айтылды. Әрине, ауыл болған соң түйткілсіз болмайды. Дегенмен тұрғындар әкімдеріне дән риза. Тіпті ауылдастардың кейбірі "ауылымыз қайта тірілгендей болды" дегендей мақтау сөздерін арнап жатты. Көбіне ауылдың көлеңкелі тұстарын көбірек сынға алып, ұсыныс-пікірлерін ашық айтатын ҚР Журналистер Одағының мүшесі Ибатолла Сәтенұлы "бұл әкімге қанағаттарлық емес, жақсы деген баға беремін" деді.

Жиын соңында аудан әкімі Марат Мурзиев тұрғындарға жылы лебізін арнап, сұрақтарына жауап берді. Ауыл әкімінің алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521