Қамысқаланың «Жедел жәрдемі» қайтарыла ма?

Исатай ауданы әкімінің жұмысына қанағаттанарлық деген баға береміз, - дейді қамысқалалық ардагер Ұзақбай Уалиев денсаулық сақтау саласына қатысты назын айтты.

«Жедел жәрдемді» аудан орталығының құзырынан алып кетті. Қамысқала ауылдық округінде үш мыңдаған халық бар. Жақында немерем ауырып, «Жедел жәрдем» шақырғанымда, 1 сағат 5 минутта келді. Сонда ол қандай жедел жәрдем? Бір сағаттың ішінде қатты науқас адам бір жағына шығуы да мүмкін. Бұл мәселе аудан басшыларының құзырынан тыс болуы мүмкін, сондықтан арнайы облыс басшылығы өкілдері мен басқарма мамандарына «Жедел жәрдемімізді» өзімізге қайтаруларын сұраймыз.

baitolla-gaz-d

- Жалпы республика бойынша барлық «Жедел жәрдемдер» облысқа бекітілді. Соған байланысты түскен шақыртулардың бәрі облыс арқылы жүргізіліп отырады. Х.Ерғалиев ауылындағы науқасқа неліктен кеш барылғанын анықтайтын боламын. Жалпы әртүрлі санаттарға байланысты шақыртуларға жету уақыты бар, - деді бұған қатысты жауап берген облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла Ғазизов.

jbl-acim-256

- Бұл белгілі ғой, бұл жердегі тұрғын көтеріп отырған мәселе - ауылдың аудан орталығынан да қаладан да алыстығы. Жолдың нашарлығы тағы бар. Бұл ағамыздың айтып отырғаны - «Жедел жәрдем» автокөлігін сол ауылда ұстау. Сондықтан бұл мәселені зерделеп, шешуге тырысуымыз керек. Өйткені бұл бір адамның ғана емес, тұтас тұрғындардың жағдайы, - деді облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев басқарма басшысына.

Ауыл тұрғыны Сәйпеден Нығметов бүгінде белең алып тұрған жол апатының бір себебі жолдың нашарлығы екендігін айтып, облыс орталығына қатынайтын қоғамдық көлік шығарылса деген ұсынысын жеткізді.

Аудан әкімінің айтуынша қоғамдық көлік иелеріне жолдың нашарлығы кедергі. - Оған субсидия бар. Жол түзелсе, қызығушылық та оянар еді деген ойдамыз. Қазіргі таңда қалааралық пойыз шығару мәселесі талқыланып жатыр. Егер шешілсе, Құрманғазы ауданы мен облыс орталығы аралығына жолаушы тасымалдайтын болады.

sagin-qap

Басқа да ұсыныс-пікірлер айтылды. Солардың бірінде нарындық Сағынғали Қапизов теңіз қамысын өртеу, мал жайылымы жайында ойларын ортаға салды.

Жұмыс қанша жасалғанымен, жаңасы шығып тұратыны белгілі. Себебі уақыт, өмір алға жылжи береді. Сұраныс та көп, жағдай жасалған сайын салауатты лыққа, бақуаттылыққа ұмтыла түсетініміз де рас. Айтылып жатқан ұсыныстар мен, көтеріліп жатқан мәселелердің бәрі де орынды. Бірақ, өткенімізге де көз салып қойған дұрыс. Кешегі кезеңде кім Қызыл үйге су барады деп, немесе Жасқайратқа газ барады деп ойлады? Әрине, бұл - еліміздің егемендік алғаннан кейінгі жетістігі, жағдайға байланысты жасалып жатқан жұмыстар. Сондықтан, «Көппен көтерген жүк жеңіл» деген, бірлесіп іс қылайық, ағайын, - деді ойын түйіндеген облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев. Жиында тұрғындар аудан басшының жұмысына қанағаттанатындықтарын білдірді.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521