Атырау облысының Исатай аудандық сотында талап қоюшы У.-дың жауапкер Ө.-ден қарыз ақша өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Бұл жайлы Исатай аудандық сотының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.
Онда талап қоюшы талап арызымен сотқа жүгініп, арызында жауапкердің келісімшартпен өзінен 48 664 теңге қарыз ақша алғаны, қазіргі уақытта қарыз сомасы қайтарылмауына байланысты жауапкерден 48 664 теңгені өндіруді сұрағандығы айтылған.
«Сот отырысында тараптар медиация тәртібімен келісімге келіп, оның шарттары бойынша жауапкер талап арызды мойындап, 48 664 теңге көлеміндегі қарызды 2020 жылғы 30 маусымға дейін төлеуге міндеттенді, ал талап қоюшы өз талаптарынан бас тартты.
Аталған азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылып, талап қоюшыға мемлекеттік баж салығы қайтарылды. Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ» делінген желідегі деректе.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ
Сурет: ашық дереккөзден