Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ж.Өмірәлиевтің «Прокуратура туралы» Заңның 31-бабының тәртібінде үндеуі

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

 Әлеуметтік желілерде а.ж. 24 және 25 қазанда орталық алаңдарда жергілікті атқарушы органдармен келісілген митингілерге қатысу туралы жалған хабарламалар мен арандатушылық үндеулер орналастырылуда.

Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Бұл күндері осы жерлерде қандай да бір митингілер өткізу келісілмеген.

«Республика күнін» мерекелеуді ескере отырып, тек ресми мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін болады.

Осыған байланысты осы жалған хабарламалармен жарияланған акцияларды ұйымдастыру және оларға қатысу, сондай-ақ оларға шақыру заңсыз болып табылады.

Өкінішке қарай, митингілерді немесе өзге де бейбіт жиналысты өткізудің заңды тәртібін бірнеше рет түсіндіруге қарамастан, оны бұзу орын алуда.

Бұл тәртіп 2020 жылғы 25 мамырда қабылданған «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңмен (бұдан әрі - Заң) регламенттелгеніне назар аударамыз.

Сәйкесінше, Заң талаптарын бұза отырып өткізілетін митингілерді, шерулерді, жиналыстарды немесе демонстрацияларды ұйымдастыру және оларға қатысу (3 - баптың 3-тармағы) заңсыз болып табылады және 25 тәулікке дейін қамаққа алумен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 488-бабы бойынша жауаптылыққа әкеп соғады.

Мысалы, а.ж. 15 қазанда Алматы қаласында заңсыз митингке қатысуға шақырған осындай үндеулер үшін А. деген азаматқа сот ӘҚБтК-нің 488-бабының 7-бөлігі бойынша 15 тәулікке қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза қолданды.

Осындай құқық бұзушылық үшін а.ж. 12 қазанда Алматы облысында азамат Д. 15 тәулікке қамаққа алынды.

Мазмұндалғанның негізінде, сондай-ақ заңдылықты, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа берілмеуге және заңсыз акцияларды, оларға жария шақыруларды ұйымдастырудан және оларға қатысудан бас тартуға шақырамыз.

Құқық қорғау органдары белгіленген құқықтық тәртіпке қол сұғатын кез келген құқық бұзушылықтардың жолын кесетін және кінәлі адамдарға заңда көзделген барлық шараларды қабылдайтын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT