ҚАЗАҚТЫҢ ҚАНАТТЫ ҚЫЗЫ

 «Жалын» мәдениет үйінде Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорының ұйымдастыруымен  «Қазақтың қанатты қызы» атанған тұңғыш ұшқышы, Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың туғанына биыл 100 жыл толуына орай «Есімі аңызға айналған қазақтың батыр қызы» атты көшпелі көрме өткізілді.

Салтанатты шараны  кіріспен сөзбен  ашқан  аудандық  мәдениет және спорт, дене шынықтыру бөлімінің басшысы Сейтжан  Бегисинов  қонақтарға «қош келдіңіз» айтты. Бұдан кейін  сөз кезегі  аудандық музей жанынан құрылған «Мирас» өлкетанушылар клубының мүшесі, өлкетанушы Мүтиғолла Насихановқа берілді.

-Кешегі  1941-1945 жылдар аралығындағы  болған қанды соғыс әрқайсымыздың шаңырағымызға қатты әсер етті десек артық айтқаным емес. Соның ішінде өзіміздің жерлесіміз Хиуаз Доспанова ерен ерлік көрсетіп, жеңісті жақындатуға өз қлесін қосты. Көрмеден Хиуаз анамыздың өмірінен, еңбегінен, пайдаланған заттарын көріп отырмыз.Жеңіс тарихында екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан үш батыр қыздың есімі өшпес қайсарлығымен мәңгілікке жазылып қалған.Бұның барлығы жастарға патриоттық сезімді оята отырып, тарихты кеңінен білуге өнеге екені даусыз,  –деген өлкетанушы  жастарға көрмеге, музейге барып, ата-бабаларының өткен ерлік жолдарын  толыққанды біліп жүрулері қажеттігін айтты.Шара барысында тағылымы биік , тарихи тұлғалар мен құнды жәдігерлерін дәріптеу жолындағы қызметтері үшін  Атырау облыстық тарихи -өлкетану музей қорының басшысы Мұхамбетқали Қуанышқалиұлына аудан әкімінің алғыс хаты берілді.

Сондай-ақ Жанбай ауылында орналасқан шекара басшысы мен сарбаздары, ардагерлер, мемлекеттік қызметкерлер шараға етене атсалысып,көшпелі көрмені тамашалады. Осы тұста Атырау облыстық тарихи –өлкетану музейінің бас қор сақтаушысы  Бақтыгүл Хасановамен бір-екі ауыз сөз тілдескен едік.                                                                                                                                        

   -Биыл жылы көшпелі көрмеміздің алғашқы жорығы  сәуір айында еліміздің бас қаласы Астанадан бастау алды.Кейін  Алматы, Ақтөбе,Орал қалаларында осындай  шаралар ұйымдастырылды.Осы жыл бойынша облысымыздың 7 ауданына баруда  жоспарлануда. Алғаш бастауын Құрманғазы ауданынан бастап, сіздердің Исатай ауданына табан тіредік. Барлық ауданды қамтып және де әскери тақырыптардағы көрмелерді насихаттаймыз. 2006 жылы батыр әжемізге біздің қызметкерлер арнайы іздеп  барып, сұхбаттасып, дидарласқан болатын.Содан кейін өзі арнайылап келіп, Хиуа әжеміз өз қолымен жәдігерлерін табыстаған еді. Осындай ел мен жер тағдыры екі талай күйге түскенде ер -азаматтармен бірге қолына қару алып, ұрыс даласында атой салған қазақтың батыр қыздарының көп болғаны тарихымыздан белгілі. Соның  ішінен жерлесіміз атақты ұшқыш Хиуа Доспанова сияқты батыр қыздарымызды келешек жас ұрпаққа дәріптеу, насихаттау бен біз бен сіздің міндетіміз, дейді ол бізболған қысқа әңгімесінде.

 

 

                                                   Сағыныш ҚАЙЫР

                                                                                

               

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521