Қиғаштың ән-күйі Атырауда

Құрманғазылық өнерпаздар облыс орталығының 382 жылдығына орай ән мен жырдан шашу шашты.

038e3788-0148-4a76-aad7-36a4f5ae0689


Бүгін Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде өткен аузы дуалы абыздар мен ақиық ақындардың, қайсар, намысты батырлар мен озық ойлы, білімпаз ғалымдардың, дүлдүл күйшілер мен бұлбұл әншілердің құт мекенІ Құрманғазы өлкесінің мерекелік тартуына жұртшылық көптеп жиналды. Мерекелік шара барысында ән мен жырдан бөлек мұнайлы өлкенің белгілі тұлғалары туралы сахналық қойылым көрермен назарына ұсынылды. Ауданның белгілі өнерпаздары «Ән - Атырау», әнін нақышына келтіре орындады. Ал, дәстүрлі әншілер қара домбыраның қоңыр әуенімен көпшілікті тәнті етті.3a626ecf-4db1-418c-a9ab-d7771396c3f0


-Қала тұрғындары мен қонақтарын айтулы мерекемен құттықтаймын! Кестеге сәйкес, бүгін Құрманғазы ауданының Атырау қаласының күндеріне 70-тен астам көркемөнерпаздар келіп өнер көрсетті. Әртүрлі жанрда шығармашылық нөмірлерімізді ұсынамыз. Көпшіліктің жүрегіне жол табамыз деген сенімдемін,-деді Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Гүлнар Хасанова.

Айбөпе САБЫРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз