Қоғамдық сенімнің жоқтығы биліктің сайлаудағы басты «қарсыласы» – саясаттанушы

 Ғылым және жоғары білім министрлігі ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты саяси зерттеулер орталығының басшысы Айдар Әмребаев Алматыда өткен «Президент сайлауы: жаңа саяси дәуірге қадам» атты «Sarap» эксперттік клубының отырысында кез келген ел үшін, сайлау – мемлекеттің қуаттылығы мен сайлаушылардың азаматтық жетілуінің үлкен сынағы екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 

Мемлекет басшысының мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу жөніндегі бастамасы «Жаңа Қазақстанды» саяси жобалаудың барлық үдерісі тұрғысынан дәйекті қадам. Сайлау – ол қашанда сынақ. Әсіресе, біздің барлық мәселелерімізді әшкерелеген қаңтар оқиғасынан кейін. Қоғамдық сенімнің жоқтығы биліктің сайлаудағы басты «қарсыласы» және мемлекеттік басқарудың алдағы жаңа легитимизациясына кедергі. Бұл жағдайда мемлекеттік органдар туындаған әлеуметтік мәселелерді шешуде сарапшылық объективтілік пен зеректіктің айрықша дағдыларын көрсетуі тиіс. Мемлекет қазақстандықтарды толғандыратын өзекті мәселелерге шынымен «құлақ асуы» тиіс», – деп түйіндеді саясаттанушы.

 Ғылым және жоғары білім министрлігі ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты саяси зерттеулер орталығының бас ғылыми қызметкері Рүстем Қадыржанов Мемлекет басшысының Президенттік мандатты 7 жылдық бір мерзіммен шектеу туралы ұсынысына түсініктеме берді.

Нақтылық саяси жүйенің сапалық жақсаруына әкеледі. Нақты мерзімдерді белгілеудің арқасында саяси күштер өз әрекеттерін жоспарлай алады. Бұл саяси үдерістің жалпы даму векторын нығайтуға көмектеседі, – деді ол.

Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Серікқазы Какыбаланов мерзімінен бұрын сайлау өткізудің себебін сараптады. 

Қоғамда сайлау тақырыбы қызу талқыға түсіп жатқаны белгілі. Сайлаудың мерзімінен бұрын өтіп жатқанына сыни пікірлер білдіріп жатқандар да бар. Мерзімнен бұрын өтуіне әсер еткен негізгі фокторлар – сыртқы геосаяси және ішкі мәслелер екені көпшілікке түсінікті. Жыл басында орын алған қасіретті жағдайлар реформаларға себепкер болды. Енді сол реформаларды жүзеге асырып, еліміздегі қоғамдық-саяси ахуалды жақсарту үшін билік осындай қадамға барып отыр. Сондықтан да бұл сайлауға әрбір азамат қатысып, ел болашағы үшін күресуі керек, – деді Серікқазы Какыбаланов.

Алматыда «Президент сайлауы: жаңа саяси дәуірге қадам» атты «Sarap» эксперттік клубының  Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтының саяси зерттеулер орталығымен бірлескен аймақтық отырысы өтті. Шараны ұйымдастырушы – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, белгілі саясаттанушылар, қоғамдық пікір көшбасшылары, ҚР ҒЖБ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының қызметкерлері және ҚҚДИ сарапшылары қатысты. Жиынға қатысушылар сайлаудың саяси жүйедегі рөлін талдап, кезекті сайлау процесіндегі инновациялар мен өзгерістерді, ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз етуді талқылады. 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT