Қолөнерді қастерлеп..

Ғасырлар бойы уақыт елегінен өтіп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ұлттық қолөнер - бабалардан қалған мәдени мұрамыздың ең асыл құнды қазынасының бірі.

Осынау қазақ қолөнерінің қандайма түрі болсын, барлығында да ою-өрнектер пайдаланылады. Құрақтан жасалған бұйымдарда да олар өз орнын тауып жататыны бар. Бұл ретте соңғы жылдары ел арасында қазақы нақыштағы заттарды пайдалану сәнге айнала бастады. Тұрғындардың ежелгі дәстүрді дәріптеп, ұмыт бола бастаған бұйымдарды осылайша қайта тірілткеніне қуанасың.

Біздің бұл суретті хабарымыздың кейіпкері исатайлық Тоғжан Талғатқызы - сол сүйіншті істі нақты жүзеге асыра жүрген жандардың бірі. Оның тігіншілік өнерге келгеніне бір жарым жылдан енді ғана асқан. Жас шебер құрақ көрпе жасауды хоббиі ретінде көреді. Өзі нарыққа толықтай бой үйретіп, тереңірек ене де қойған жоқ. Сондықтан атакәсіпті дамыту, жандандыру үшін біртіндеп іске көшіп келе жатқан жайы бар. Десек те жас шебердің қолынан шыққан дүниелерге қазірдің өзінде сұраныс жоқ емес.

Қолөнерді дамытуға үлес қоспақ ниетте осы бір істі қолға алған жанның ісіне Алла береке берсін деген ниеттеміз.

Берікбол ҚОНАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521