ҚОС МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ АЗАМАТТАР АЛҒЫС ХАТ ИЕЛЕНДІ

Бүгін «Жалын» мәдениет үйінде атаулы қос мереке жоғары деңгей де айшықталды. 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай «Елін қорғау -ерге серт» атты мерекелік жиын өтті.

Аталмыш шара барысында  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы кіргізіліп, әнұран шырқалды.

Салтанатты жиынның алғы сөзін Исатай аудан әкімінің орынбасары Рашид Мұқанов алып, мерекелік құттықтауын жеткізді.

Ел тыныштығы мен халықтың қауіпсіздігі үшін аянбай қызмет атқарып жүрген, аудандық полиция бөлімі, жол және техникалық инспекциясы тобының аға мемлекеттік автоинспекторы, полиция аға лейтенаты – Алтынбек Ғабдиманапов және жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны -Нұрболат Қамбаров, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жұмылдыру бөлімше сержанты, жасақтау бөлімшесінің 3-сыныпты сержанты-Сағын Калиев сынды азаматқа аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.

Келесі мерекелік құттықтау сөз легі аудандық маслихат төрағасы – Нұрым Мусинге жолданып,еңбек жолындағы азаматтар Нұржан Ғалымов және «Жанбай» шекара бөлімше бастығының орынбасары, лейтенант -Береке Есенбай, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жасақтау бөлімшесінің инспекторы – Сәуле Жалелованы марапаттап, гүл шоқтарын ұсынды.

Мерекелік шара соңы аудан өнерпаздарының сазды бағдарламасына ұласты!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521