Қос мерекемен құттықтады

Үлкендерге құрметпен қарау, қолдан келсе қамқорлық жасау - адамдық пен азаматтықтың бір белгісі.

Оның көрінісіне әркездері куә да болып жатамыз, әсіресе, мерекелі күндерде.

Осындай игілікті істер Алғыс айту және Халықаралық әйелдер күні мерекелеріне орай да жол алды. Мұндай ізгілікті істі Аққыстау ауылдық округі әкімі Ғаділ Боранбаев та ұмыт қалдырмапты.

Көктемнің алғашқы күні ол ардагер ұстаз, округ бойынша әлеуметтік қызметкердің қолдауындағы жалғызілікті қария Тен Маргарита Николаевнаның отбасында болды.

- Маргарита апай, көктемнің алғашқы күндеріндегі қос мерекеңізбен құттықтай келдік, - деген ауыл басшысы ұзақ жылдар бойына ұстаздық қызмет қылып, талай шәкіртті үлкен өмір көшіне дайындауға зор үлес қосқан ардагерге амандық, саулық тіледі, шынайы алғыс сезімін білдірді.

Аққыстау орта мектебінде ауыл балаларына орыс тілі мен әдебиетінен дәріс беріп, сол ұжымнан зейнеткерлік демалысқа шыққан Маргарита Николаевна болса, сол бір күндерді бір сәт ойына оралта тұрып, ауыл әкіміне риза көңілін білдірді, мерекелік сый-сияпаттары үшін де рахметін айтып, қызметіне табыс тіледі.

Иә, «сыйласаңыз кәріңді, жарылқармын бәріңді» деген ғой, бұл да аналар мерекесі қарсаңындағы әрлі істердің бірі деп білдік. 

Жоламан ОТАРҒАЛИҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521