Жақында өткен аудандық мәслихаттың кезекті сесиясында қос жерлесімізге Исатай ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.
Олар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлестерін қосқан, әр жылдары түрлі деңгейдегі басшылық қызметтерде болған жерлестеріміз - Жайдарбек Зайдуллин мен Бақберген Қарабаев.
Айта кетейік, сессияға аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежан, Атырау облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Нұрбол Қонысов, мәселеге қатысты аудандық бөлімдер басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібіне бұдан басқа 9 мәселе қаралды. Ондағы мәселелер туралы сала басшылары мен мамандар баяндама жасады.
Өз тілшіміз