Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №166 бұйрығымен бекітілген 2022 жылға арналған операциялық жоспарының 115- тармағын орындау үшін, сондай ақ полиция бөлімшелерінің және пробация қызметтерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру, пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың жаңадан құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында биылғы жылдың наурыз айының 14-і мен 24-і аралығында «Пробация» атты жедел профилактикалық іс-шарасы өтті.

Профилактикалық шара кезінде аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция мен аудандық пробация қызметі тобы бірлесіп пробация қызметінің есебінде тұрған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларға сотталған тұлғалардың тұрғылықты жерлерін жіті тексеріп, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын жүргізді. Тексеріс барысында есепте тұрған сотталғандармен профилактикалық сұхбаттар жүргізіліп, жаза өтеудің тәртіптері, оларға ҚР-нің ҚАК-нің 67-бабы 2-бөлігінің 3) тармақшасы түсіндіріліп, нәтижесі анықтамада көрсетіліп, таныстырылды.

Есепте тұрған, жаза өтеу тәртібі мен шарттарын бұзған сотталғандарға жазалау шаралары қолданылды. Атап айтқанда, қазірдің өзінде 2 сотталғанға қатысты бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібімен шарттарын бұзғаны үшін, пробация қызметімен «Ескерту» жарияланды.

Сонымен қатар әкімшілік жауапкершілікке тартылса, пробация қызметінің талабына мойын ұсынбай, жұмысқа орналасуға ниетінің жоқтығынан, қоршаған ортаға бейімделмей, сот жүктеген міндеттерден себепсіз жалтарғандарға қатысты құжаттар жинақталып, бас бостандығынын шектеу жазасының өтелмеген күнін, бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы аудандық сотқа ұсыныс жолданды.

Сотталғандардың тарапынан құқық бұзушылықтар (шетелге шығу, еліміздің ішінде хабарлаусыз жүру, әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау және т.б) қызметтік базалары арқылы тексерілді.

Гүлнара КАЛЕШОВА,

Исатай аудандық пробация қызметі тобының аға инспекторы, әділет капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521