Құрбан айт қалай өтеді? Исатай ауданында арнайы штаб құрылды

Исатай ауданында онлайн құрбандық өткізу мәселелері бойынша штаб құрылды.

Аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежан төрағалық еткен штаб отырысында оның құрамы таныстырылды. Олардың ішінде жергілікті атқарушы органдармен қатар, құқық қорғау, төтенше жағдайлар, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы өкілдері бар.

Штаб шілденің 19-нан бастап, 22 шілдеге дейін әрекет ететін болады. Аталған штабпен белгіленбеген орындарда мал сату, сою фактілері, көпшіліктің жиналуы, шектік басқа да жиындардың өтпеуі қадағаланатын болады.

Исатай ауданы бойынша санитарлық талаптарды сақтай отырып, шілденің 20-22 күндері мал сату орны болып «Бегайдар» сауда орталығының артында орналасқан жәрмеңке орны белгіленді. Басқа орындарда мал сатуға шектеу қойылады. Бұл бағытта аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, СЭБ, аудандық полиция бөлімі арқылы бақыланбақ. Мал сою орны болып Аққыстау ауылы «Сельхозтехника» ауданындағы жеке кәсіпкер А.Қарасаевтың иелігіндегі мал сою алаңы белгіленді. (Жай күндері осы алаңнан 5-6 ірі қара сойылады)

Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері арқылы санитарлық талаптардың сақталуы бойынша бақылау жүргізіледі.

Атырау қаласындағы мал базарына кәсіпкерлер тарапынан 30-ға жуық қой апару ұсынысы түскенін де айта кетейік. Құрбандыққа арналып сойылған малдардың еттерін тарату жұмыстарына «Зинеден ата» мешітінің жанындағы «Иман жастары» еріктілері жұмылдырылатын болады.

Жиында бұдан өзге қаулыға сәйкес айт күндері көпшілік жиындарды болдырмау және сақтық шараларын қадағалау жайы айтылды.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521