Бүгін аудандық ардагерлер кеңесінің бұрынғы төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Таупих Садихұлының 70 жасқа толуына орай аудан ардагерлері арасында шахматтан еске алу турнирі өтіп жатыр.
Оған алыс-жақын округтерден ардагерлеріміз қатысып, 12 шахматшы алты тақтада ойындарын бастап кетті. Аудандық ардагерлер кеңесі, аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру клубының ұйымдастыруымен өтіп жатқан шараға Таупих Маштаховтың туған-туысқандары да қонақ ретінде шақырылған.
- Ауданда көп жылдар мемлекеттік қызметте болған, қадірлі азаматтардың бірі Таупих Садихұлын еске алу шаралары басталуда. Өз заманында мемлекеттік қызметте еңбек сіңірген мықты азаматқа арнап қандай турнир өткізсе де артық етпейді. Ол тірі болса, ақпанның 11-і күні 70 жасқа толар еді... Осы орайда, аудан көлемінде өтіп жүрген шаралардан қалмай қатысып жүрген ардагерлерімізге алғыс айтамын, - деді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ботагөз Құлғалиева.
Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА