ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ - НАЗАРДА

Қандайма сайлаулар кезінде де салмақтың көбі сайлау комиссияларына түседі. Осы ретте Исатай ауданында алдағы Президент сайлауына байланысты жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ осынау үлкен саяси науқаннан ауылдастардың хабардарлығын арттыру тұрғысында қолға алынған істер аз емес.

- Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру мен өткізу бағытында қолға алынып жатқан жұмыстар баршылық,-дейді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қабыл Ғұбашев. -Соның бірі - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының ұйымдастырумен ауданымызда 10-12 қазан күндері (10-11-і - қашықтан, 12-сі оффлайн) «Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу кезіндегі сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында аумақтық, учаскелік сайлау комиссиялары төрағалары мен хатшыларына арналып өткізілген үш күндік семинар сабақ. Онда қатысушылар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңындағы өзгерістермен танысып, құқықтық бағытта барынша қаруланды.

Төрағаның айтуынша, осы төңіректегі тағы бір шаруа – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен сайлаушылармен жұмыс жөніндегі колл – орталықтардың жұмысын жетілдіру және құқықтық сауаттылық бағытында электоралдық заңгерлер тақырыптарында 18, 20 қазан күндеріне жоспарланған курстар болуда. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын халық назарына жеткізу бағытында бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жарияланымдар беру, сонымен қатар аудан орталықтарындағы және ауылдық округтердегі көрнекі орындардағы тақталарға сайлау науқаны бойынша дайындалған 12 ақпараттық сыртқы баннерлер орналастыру да жүзеге асырылған. Оның 6-уы аудан орталығы Аққыстау ауылында орналастырылған. 

 

 

 

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

сурет ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521