«Қыран елім – Қазақстаным»

М.Өтемісов атындағы орта мектебінде «Қыран елім – Қазақстаным» республикалық патриоттық акциясы аясында оқырмандар байқауы өтті.


Іс-шараның басты мақсаты оқушыларға Республика күнінің мән-маңызын түсіндіру, мерекенің қоғамдағы тарихи мәртебесін бекіту, кішкентай оқырмандардың кітапқа құштарлығын арттыру, ой-өрісін дамыту және оқыған кітаптарын топпен талдай отырып, рухани тәлім-тәрбие беру.
Оқушылар «Көркем суретті Қазақстан тарихы» кітабы желісі бойынша қысқаша баяндама жасап, арнайы видеороликпен таныстырды. Аталған кітаптағы деректерге сүйене отыррып, бір-біріне сұрақ дайындап, жауап беріп, таным көкжиектерін кеңейтті. Мерекелік шара «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқталды.

 

Салтанат Сансызбай

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521