Қызыл үй каналының «жыры» бітті

Исатай ауданының аумағына кіретін ірілі-ұсақты барлығы 9 канал болса, солардың бірі бірнеше жылдан бері жөндеу көрмеген – Қызыл үй каналы.

Жайылымдық жерлер мен лимандарды сумен қамтамасыз етіп отырған каналдың әбден тозығы жеткендіктен, қайбір жылдары судың келуі нашарлап, салдарынан шаруалар тұйыққа тірелген болатын. Мәселені шешу мақсатында өткен жылы аталған каналды күрделі жөндеуден өткізуге бюджеттен қажетті қаражат бөлінді. Мемлекеттік сатып алу нәтижесінде жеңімпаз ретінде танылған «Еділ-Строй Сервис» ЖШС былтыр маусым айында өз жұмысын бастаған. Бір жылға жуық уақыт көлемінде күрделі жөндеуден өткен Қызыл үй каналының құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, канал жаңарған қалпында бүгін іске қосылды.

0b17c156-38ed-4f44-b233-809b84a3b694

Осыған орай бүгін аудан әкімі Полымбет Хасанов күрделі жөндеуден өткізілген каналдың жай-күйіне зер салу мақсатында арнайы барып, жобаға жауапты мердігер мекеменің өкілдерімен кездесті. Мердігер мекенің өкілі Бақытжан Иманғалиевтің айтуынша, жалпы ұзындығы 23 шақырым болатын каналда арнайы техниканың көмегімен түп тереңдету жұмыстары толықтай жүргізілген. Оған қоса, канал бойындағы Жұмағазы, Дүтбай су қоймалары кеңітілген.

d2499653-7996-4c4c-9e12-defaffc1843f

55d58e2d-dc3e-4edd-85b7-01ac40dbb60f

- Жасақталған жобаға сәйкес, каналдың жиектері биіктетіліп, су жарып кеткен жерлері бекітілді және автокөлік өткелі жаңадан салынып, су өткізу шлюздері қондырылды. Каналдың басы бетондалып, арнайы контейнер қойылып, оның ішіне СНП-500/10 су айдау қондырғысы орнатылды. Бұл қондырғының көмегімен каналға суды кез келген уақытта айдауға мүмкіндік бар, - деп толықтырды өз сөзін мердігер мекеменің өкілі.

7f7b47c3-aa4f-4ccf-b0e5-137b993806ae

159d2b44-7d66-4aef-83eb-13dcdc2e31dc

Тұщықұдықтық шаруагер Алпамыс Сапаров каналдың күрделі жөндеуден өткізілгені үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта судың көлемі жеткілікті мөлшерде болуын бақылауда ұстауды ұсынды.

161d0a99-7675-4237-a71d-703e75859461

Бұдан соң мердігер мекеме өкілдері Дүтбай, Жұмағазы су қоймаларына орнатылған шлюздердің су өткізу мүмкіндіктерімен таныстырды.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521