Қызыл үй мен Жасқайратқа табиғи газ барады

Исатай ауданы аумағындағы Қызыл үй, Жасқайрат ауылдарына газ келетін болды. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің халық алдындағы есебінде айтылды.

Сонымен бірге халық тарапынан қойылған сауалға сәйкес аудан аумағындағы каналдарға күрделі жөндеу жүргізу және оларды күтіп ұстау мәселесі де облыс әкімі тарапынан қолдау тауып, бұл мәселе күн тәртібінен түспейтіндігі айтылды.

«Жалпы облыс аумағындағы 22 каналдың мәселесін біз жақсы білеміз. Оларды жөндеу және қысы-жазы суға толтыру мүмкіндігін қарап жатырмыз. Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес қаржы салып, алдағы уақытта мәселені шешуге жұмыстанамыз» деген облыс басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіндіктеріне тоқталды.

«Биыл Аққыстау ауылында ауылішілік жолдар қайта жаңғыртылады. Таңдай ауылы мен екі арадағы автокөлік жолына да күрделі жөндеу басталады. Республикалық маңызы бар «Атырау-Астрахан» автомобиль жолын жаңғырту жалғасады» деп атап өтті Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз