Президенттің Жолдауында айтылғандай, әрбір азамат мемлекетшіл, отаншыл болуы қажет. Бұл – жай ғана ұран емес, еліміздің тұрақты дамуы мен ішкі бірлігінің басты кепілі. Мемлекетшілдік – бұл азаматтың өз еліне, жеріне, халқына деген шынайы сүйіспеншілігі мен адалдығы. Отаншылдық – өз Отаның үшін тер төгіп, оның өркендеуі жолында үлес қосу. Әсіресе бүгінгідей жаһандану дәуірінде ұлттық мүддені қорғап, мемлекетіміздің тәуелсіздігін сақтау үшін әр адамның санасы биік, жүрегі отаншыл болуы өте маңызды.
Мемлекетшіл азамат елдің тыныштығы мен болашағын бәрінен жоғары қояды. Мұндай азаматтар қиын кезеңде ұлт бірлігін сақтап, жұдырықтай жұмыла алады. Олар өз ісімен, тәртібімен, еңбегімен өзгеге үлгі бола алады. Ел үшін еңбек етіп, туған жеріне жанашыр болу – нағыз отаншылдықтың көрінісі.
Бүгінгі жас ұрпақ осы құндылықтарды бойына сіңіріп өссе, еліміз әрқашан биіктен көрінеді. Мемлекетшілдік – қоғамдағы сенім мен жауапкершілікті арттыратын басты ұстаным. Сондықтан әрбір қазақстандық осы қағиданы өмірлік бағыт етіп алуы тиіс. Бұл – Тәуелсіз Қазақстанның мызғымас іргетасы.
Ерболат МАХАШОВ,
Аққыстау ауылдық округінің әкімі