ӘР ДЕПУТАТ БЕЛСЕНДІ БОЛУЫ КЕРЕК

Соңғы жылдары елімізде көптеген саяси реформалар жүзеге асуда. Соның бірі Конституциямызға өзгерістер енгізілуі болса, екіншісі Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын өткізу туралы  Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі.

 Аталған саяси дода тартысты өткені туралы хабарлар баспасөз және электронды ақпарат құралдарынан күні-түні жазылып та, айтылып та жатқанын естіп-көріп біліп отырмыз. Бұл сайлау әрбір депутаттыққа түскен үміткерлерге азаматтық үлкен жауапкершілік жүктейтіні сөзсіз. Бәсекелестік бар жерде прогресте болатыны анық. Демек өзара тартысты додада бақ сынайтын кандидаттардың белсенді болуымен қатар, сайлаушылардың да азаматтық жауапкершілік танытуы аса маңызды екені сөзсіз. 
"Ер кезегі үшеу"дегендей,  биылда бағымды сынап көруге ниет етіп, аумақтық сайлау комиссиясына тіркелген едім. Нәтижесінде сайлаушыларымда сайлауалды бағдарламамдағы көтерілген толғақты мәселелерді  қолдап, өз таңдауларын жасапты. Біздің сайлаудағы бағдарлама "Билік-депутат-халыққа" деген бөлімнен тұрады. Біздің мақсатымыз -ауыл халқының әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту. Алдағы уақытта халық қалаулысы болып жатсақ, күн тәртібіндегі осы өзекті мәселелерді жүзеге асыруға тікелей жұмыстанамыз деген ойдамыз. Осылайша, ауданымыздың жаңаруы мен көркеюіне өз үлесімізді қосуымыз керек деген ниетпен екінші рет сайлауға түсуге бел будық. Ол үшін тағы да айтамын, бірлесе жұмыс жасауымыз керек.


 Нұрым МУСИН,
"AMANAT" партиясы Исатай аудандық  филиалының
 атқарушы хатшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521