«Әр тиын бақылауда болуы тиіс». Қаратүбектің жолы тексерілді

Исатай ауданы орталығының кіреберісі Қаратүбек ауылында құрылысы жүріп жатқан ауылішілік жолдың сапасы тексерілді.

Тексеріс "Сапалы жол - Адалдық алаңы" жобасын жүзеге асыру аясында, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері мен "Жол активтерінің сапасы бойынша ұлттық орталығы" РМК Атырау облыстық филиалының және Атырау-адалдық алаңы мүшелерімен бірлесе отырып жүргізілді.

Жұмысқа тапсырыс беруші - Атырау қалалық "Жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөлімі" Мемлекеттік мекемесі екенін айта кетейік.

img_7080

Мониторинг нысанды тексеру және геометриялық параметрлерін ішінара өлшеу жолымен жүргізілді. Мамандар жолдың енін өлшеп, қалыңдығын анықтау және асфальтті-бетон жабынның көлік жүретін бөлігіне сараптама жүргізу үшін асфальтті-бетон жабыннан керн кескінін алды. Іріктеп алынған керн бойынша одан әрі сынақ жұмыстары жүргізіледі. "Сынамалар зертханаға тапсырылып, зерттеледі. Нәтижелері осы аптада белгілі болып, БАҚ өкілдеріне хабарланады. Егер олардан бұзушылық анықталса, біз тиісті материалдарды аталған бұзушылықтарды жою үшін жолдайтын боламыз. Қазіргі таңда көзге көрінген бұзушылықтардың бірі - жол жиегінде тротуардың жоқтығы. Тапсырыс беруші бұл мәселені жобалау сметалық құжаттары кезінде қарастырылмағандықтан салынбаған деп отыр. Бұл жағдай бойынша аудан әкіміне ұсыным беріледі", - деп түсіндірді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Жәнібек Қаражанов. Оның пікірінше, әрбір тиынның мақсатты жұмсалуы бақылауда болуы керек.

Айта кетейік, керн кескіні үш жерден алынды және асфальт қалыңдығы мен енінің көлемі стандартқа сай. Енді құрамының сапасы анықталатын болады.

 

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521