«Әр үйге «Naryn tany» барсын» дейді газеттің 70 жылдығына орай өткен жүздесуге жиылған аққыстаулықтар

Күні кеше ғана ауданның қоғамдық- саяси өмірінің айнасы жарыққа шыққанына 70 жыл толуына байланысты Жанбай ауылдық округі тұрғындарымен кездескен аудандық «Нарын таңы» газеті редакциясы ұжымының қызметкерлері мен қаламгер журналистері бүгін, яғни 19 мамыр күні «Жалын» мәдениет үйінде Аққыстау ауылының оқырмандарымен жүздесулерді одан әрі жалғастырды.

 «Уақыт. Заман. Газет» деген тақырыппен өткен кездесуде аудандық газет бас редакторының міндетін атқарушы А.Салихов сөз сөйлеп, ол газеттің бүгіні мен кешегісіне , әлеуметтік желілер мен бұқаралық құралдары арқылы таралатын ақпараттардың арасында көп айырмашылық бар екенін, бұқара халыққа қажетті шынайы ақпаратты тек жергілікті баспасөз беттерінен оқуға болатынын, қазір аудандық газетке екінші жартыжылдыққа жергілікті жерлерде аудандық пошта байланыс бөлімшелері және онлайн арқылы жазылу жүріп жатқанын, газеттің мазмұнды әрі оқылымды болып шығуы газет тірегі саналатын зиялы адамдар мен қоғамдық белсенді автор тілшілерге,басылымға жанашыр қалың оқырмандарға тікелей қатысты екенін, елімізде жаңа технологияның пайда болуына сәйкес оқырмандарымыздың өздеріне қажетті рухани сырласынан бірте-бірте ажырап бара жатқанын, көрші Тұщықұдық ауылдық округіне қарасты ауылдық ардагерлер мен аналар кеңесінің және газетке жанашыр білікті азаматтардың ұсыныс үндеуі мен бастамасына ерекше тоқтала келіп, барша аққыстаулық ауылдастарды баспасөзге біркісідей ұйымшылдықпен  жазылуға шақырды.

Кездесу кезінде осы жоғарыда көтерілген бүгінгі күннің көкейтесті мәселесіне жергілікті оқырмандар мен газетке жанашыр жекелеген азаматтар мен пікір білдірушілер өз ойларын ортаға салып, сонымен бірге өздерін көптен ойландырып жүрген ұсыныс-пікірлерін де жасырып қалмады. Мәселен, аталған округ әкімі Ғаділ Боранбаев тұщықұдықтық баспасөзге жанашыр ардагерлер мен аналардың үндеуін қолдайтынын білдіріп, ауылдастарын бір ауыздан жергілікті басылымға жазылуға шақырса, бұған ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Қожантай Сдихов пен ардагер ұстаз Әлия Фазылова да қосылатынын айтып, әрбір үйде «Нарын таңы» газеті тұру керектігін тілге тиек етті. Шарада бір топ қоғамдық белсенді тілшілер марапатталып, оларға гүл шоқтары табыс етілді. Соңы ауыл өнерпаздарының шағын концертіне ұласып, оқырмандар үйлеріне рухани ләззат алып қайтты.

 

 

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521