Рамазан айындағы - қайырымдылық

Қасиетті Рамазан айында көптің қолдауымен аққыстаулық Амандық Сабиров баспаналы болды.

Білгеніміздей, игі бастаманы көтерген Исатай аудандық аурухана ұжымы екен. Аурухананың жай қызметкері Амандықтың баспанасыз жүргенін білген аурухана басшысы Жасұлан Жұмағұлов бастаған ақ халатты абзал жандар қасиетті айда оның баспаналы болуына көмек қолын созбаққа ниеттеніп, осыдан екі аптадай уақыт бұрын қор жинап бастаған.

7004edf5-dec3-4913-81a1-5aa688fbc2f2

Артынша қайырымдылыққа бағытталған сауапты істі Тұщықұдық және Аққыстау ауылының тұрғындары да бір кісідей қолдап және тұщықұдықтық Жасталап Шұғаев демеушілік танытып, баспанаға қажетті қаражат толықтай жинақталған. Сөйтіп, қасиетті Қадір түнінде, яғни 27-сәуір күні аудандық аурухана ұжымы, Жасталап Мұратов және өзге де ауылдастар бастаған топ Амандық Сабировке баспананың кілтін табыстады. Сондай-ақ ақ халатты абзал жандар баспанаға тазалық жұмыстарын жүргізсе, ауыл тұрғындары «Газель» көлігімен жүктерді тасысуға көмектесті. 

- Міне қамқор жандардың арқасында біздің енді өз үйіміз бар. Барша ауылдастарға, дәрігерлерге көмегі мен қамқоры үшін ризашылығымды білдіремін, - деді Амандық Сабиров қуанышын жасыра алмаған күйі.

Жиналғандар жаңа қонысқа құтты болсын айтып тарқасты. Осылайша, сауапты іске мұрындық болған қайырымды жандар бірлік пен ұйымшылдықтың арқасында алынбайтын қамалдың жоқтығын көрсетті.

Айта кетейік, Амандық Сабиров күні бүгінге дейін өз баспанасы болмағандықтан жалдамалы пәтерде тұрып келді. Ол мүгедектігі бар жолдасына және балдызына қарайлап отыр.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521