Бүгін Исатай ауданы бойынша өте маңызды күн. Сол себепті аудан әкімін сайлауға қатысып, жауапкершілік таныту – әр азаматтың парызы.
Сайлауда әрбір азамат өз шешімінің, өз дауысының маңыздылығын түсінсе, бұл науқанның да маңызы арта түспек.
Таңның атысымен БАҚ өкілі ретінде №130, №131 сайлау учаскесіндегі сайлау барысын ақпараттандырып, бұл саяси доданың қызуқанды жұмысына өзім куә болудамын.
Бәрінен де сайлау процесіне жастармен қатар, аға буын өкілдерінің де қатысуы жоғары. Өз елінің ертеңі үшін, тұрғылықты жері, ауданы үшін дауыс беруге келген адамдарға көп көңіл бөлдім. Бұл тек 50 және 80 жастағы адамдар ғана емес. Келушілер арасында 18 жастағы азаматтар да бар. Мысалы, сайлауға өмірінде бірінші рет келген қыз-жігіттер де болды. Әр аудан тұрғындары болашаққа алаңдаушылықпен нақты ұмтылып жатқаны анық. Бұл – жас буынның ел ертеңіне немқұрайды қарамайтынын аңғартады деп білемін. Өзім бақылаған сайлау учаскелерінің бірінде сайлаушылардың 30-35 пайызы дауыс беруге келді. Бұл – жоғары көрсеткіш деп білемін!Қазіргі таңда, жылдан жылға азаматтардың көзқарасы өзгеріп келеді. Әсіресе, бұрын көпшілік сайлауға бара бермейтін. Ал, қазір әрбір азамат отбасымен сайлауға міндетті түрде қатысып, өз таңдауын жасап, өзгерістерге үлес қосқаны көңіл қуантады.
Сағыныш Қайыр
«Naryn tany» редакциясының тілшісі