Құрдастарыма ризамын

Алдыңғы аптада аудандық "Нарын таңы" газетін қолыма алып отырып, көзім бір мақалаға түсіп, бір деммен оқып шықтым.

Өзім жас болған соң шығар, жастар туралы айтылған пікірлер мені бейжай қалдырмайды. Жаңа жыл қарсаңында Қамысқала ауылының 1992 жылы туған жастары игі істі қолға алған екен, дәлірек айтқанда, ауылдағы әлеуметтік жағынан әлсіз отбасыларға қайырымдылық көрсетіп, азық-түлік таратыпты. Бұл - кез келгеннің қолынан келе бермейтін жұмыс.

Қайырымдылық көмек көрсеткен Қамысқала жастарының бұл жақсы істері мені қуантты. Елдің болашағы - жастар. Сондықтан, ауылдың жоқ-жітік отбасыларына немесе жалғызілікті жандарға көмек көрсету секілді игі шаралар елдің көшін алға сүйреумен қатар, оның дамуына үлес қосу жолындағы оң бастама деп білемін.

Биыл, 2019 жыл "Жастар жылы" деп жоспарлануда. Жастарға көп көңіл бөлініп, жағдай жасалу еселенсе, олардың елге қалтқысыз қызмет етіп, қоғамға пайда әкелеріне толықтай сенуге болады.

Елден қолдау барда жастардың бойындағы жалын мен жігер еселене түспек. Сондықтан, осы бір ерекше жылда замандастарыма шығармашылық табыс пен ізденіс, белсенділік тілеймін.

Берікбол ҚОНАРОВ,

Тұщықұдық ауылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521