Республика күніне орай «Жанашыр жүрек» акциясының белсенділері марапатталды

Республика күніне арналған мерекелік шара Исатай ауданы Тұщықұдық ауылында, Нариман Үлкенбайұлы атындағы мәдениет үйінде өтті. Салтанатты шарада Тұщықұдық ауылдық округі әкімі –Айбатыр Бекішұлы алғы сөзбен бастап, жиынға жиылған  халықты ұлттық мерекемен  құттықтады.

Сөз кезегінде округ әкімі

–Ауылдың бірқатар әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін азық-түлікпен көмектесіп, қамтамасыз етеміз, -деп айтты.

Жиын  концерттік бағдарламаға ұласып, сахнада өнерпаздар ән шырқап, бишілер мың бұрала биледі.Республикалық халықтық «Жанашыр жүрек» акциясына белсене араласқан бір топ шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлерді округ әкімі марапаттады. Ауылдың өркендеуіне атсалысып жүрген кәсіпкерлердің бір қатарлары –Дабысқали Садихов, Жанат Қабдірахманова, Гүлмайда Рыспаева, Майра Дүйсенова, Айжан Қойшыгулова, Ағайна Нүресқызы алғыс хатпен марапатталып,гүл шоқтарын қабыл алды. Салтанатты шараға жиылған жұртшылық  әрмен қарай мәдениет үйінің алдындағы жәрмеңкеге ағыла түсті. Салтанатты шараға келген ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар ризашылықтарын білдірді.

 

Сағыныш Қайыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521