Республика күні: Астаналықтар балконға Қазақстан туын іліп жатыр

Қазақстандықтар Республика күні қарсаңында өздерінің патриоттық сезімдерін білдіру мақсатында түрлі шаралар мен флешмобтар ұйымдастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәселен, қазіргі таңда елордалықтар өздерінің үйлерінің балкондарына Мемлекеттік Туды іліп жатыр. Алғашқылардың бірі болып мұндай бастаманы «Жастар рухы» жастар қанаты қолға алды. Олар қазақстандықтарды Instagram желісіне Тумен түскен фото немесе видеосын жүктеп, «Жастар рухы» парақшасын белгілеуге шақырды.

«Біз 18 қазанда «Менің елім-менің Туым» онлайн-акциясын бастадық. Соған сай қазақстандықтар өздерінің Тумен түскен фотосуреттері мен әңгімелермен бөлісу үшін хэштег қостық. Біз жарияланымға қатысты көптеген қолдау пікірлері болды. Мұндайды күтпеген едік. Біз 19 қазанда Жандос Құрманбаевтың балконға Туды қалай дұрыс ілу керектігін түсіндірген видеосын көрдік. 2015 жылы ол балконға Ту іліп қойғаны үшін жазаланған еді. Біз Жандосқа хабарласып, оған қолдау білдірдік. Қазақстандықтар ұлттық мерекені сезінуі үшін біз осындай шара ұйымдастырып отырмыз», - деді «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев.

Жандос Құрманбаевтың бастамасына көптеген қазақстандықтар қолдау білдірді. Осы орайда «Жастар рухы» тобы да акцияны жалғастыру туралы шешім қабылдаған. Ол үшін олар Республика даңғылын таңдапты. Өздерінің айтуынша, топ мүшелері тұрғындардың есігін қағып, елордалықтарды аталған шараға қосылуға шақыруда. Ұсынысты қолдағандары балкондарына Мемлекеттік Туды іліп жатыр.

 

 

Сурет ашық дереккөздерден

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521