РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Облысымызда таланттарды қолдау және анықтау орталығының ұйымдастыруымен балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің арасында «Фортепиано сыныбы» оқушыларының  қатысуымен республикалық «Жас музыканттар» байқауының облыстық кезеңі өтті.

 

Бұл конкурстың бір ерекшелігі – домбыра,қобыз, фортепиано арасында жылма-жыл өткізіліп тұрады екен.Осы жолы фортепиано байқауында ауданымыздағы Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебінің шәкірттері де сынға түсіп, бақ сынады.

Жыл бойы тынбай, үздіксіз дайындықтың арқасында Іңкәр Нығмет пен Аймерей Қуат аталмыш додаға қатысып, орта топ бойынша топжарып, II орынға ие болды. Байқау қорытындысы бойынша жас ерекшелігіне сәйкес үш топ арасында I, II және III орын иегерлері анықталды.

   – Мәдениет саласындағы маңызды бағыттардың бірі – еліміздегі жас таланттарды қолдау, олардың шығармашылығына жол ашу. Бүгін жеңімпаз атанған ұл-қыздарымыз болашақта әлем сахнасын бағындыра алатынына сенімдімін. Алдағы уақытта іс-шара ауқымын бұдан да кеңейтуіміз керек. Себебі музыкада шекара болмайды, кез келген әуеннің тілі барша халыққа ортақ. Фортепиано сүйемелдеуімен шығарманы тартып үйрену, талдау жұмысы көп дайындықты талап етеді. Сондай-ақ жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып, суырылып алға шығу бір жағы біз үшін үлкен жетістік болса, екінші жағынан төгілген маңдай тер мен еңбектің арқасы дер ем. Сөйтіп шәкірттеріміздің республикалық өнер додасына қатысу үшін байқаудың жолдамасын жеңіп алуы ұстаздар үшін зор абырой екені сөзсіз,- дейді жетекші Эльмира Темірболатова.

                                                                                                                    

 

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521