Республикалық турнирден Исатай аудандық БЖСМ-нің шәкірттері олжалы оралды

0 votes

Астана қаласында 29 қараша мен 3-желтоқсан аралығында ДЗЮДО күресінен 2011 -2014жылы аралығында туған кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында "BAITAS OPEN" республикалық турнир басталған болатын.

 Бізге ақжолтай хабар жеткізген Д.Қадыржан қуанышымен бөлісті.

- Аталған жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен яки Астана,Алматы, Қызылорда,Қарағанды,Ақтөбе,Павлодар,Өскемен,Батыс Қазақстан облысы мен өзіміздің Атырау облысынан да қатысушылар жиылған.

Олардың қатарында өзіміздің  "Исатай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің" шәкірттері де белсене қатысып, жеңіс тұғырынан көріне білді. Осылайша, бұл жарыста 900 ден астам спортшылар бағы мен бабын қатар сынады,-деді ол өз сөзінде.

Нәтижесінде, республикалық турнирге қатсықан жас балғындар аудан мерейін тасытты.

Атап айтсақ, олар Лес Аманат 26 кг 1- орын, Төлеш Раяна 27 кг 2 - орын, Нұрланқызы Нұрай 40 кг 3-орынды жеңіп, елге олжалы оралуда.

Жас балғындардың жаттықтырушылары: А.Лесов, А.Құттыбаева, Д.Қадыржан, А.Ғаділжановті атап өткеніміз жөн болар.

 

Өз тілшіміз 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT