Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Маңғыстауда

Кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының сайлаушылармен кездесуі Маңғыстау облысында жалғасты.

«Zhamal-ai LTD» арнайы киім және аяқ киім өндіретін фабрикаға барған Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары кәсіпорын ұжымына кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген бизнесті қолдау шаралары туралы айтып берді.
«Сайлау– мемлекетіміздің даму бағытын айқындайтын маңызды қадам. Халық өз таңдауын жасау арқылы саяси мәдениеттің жоғары деңгейін көрсетуі маңызды», - деді Республикалық қоғамдық штабының мүшесі, Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева.
Республикалық штаб мүшелері өңір жұртшылығымен сайлауалды бағдарламадағы аймақтық көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту бөліміндегі негізгі бағыттарды талқылады.
Сонымен қатар, «ҚМГ Инжиниринг» алаңында Республикалық қоғамдық штаб мүшелері өңірдің мұнайшыларымен кездесті. Кездесуде сайлауалды бағдарламада көзделген қауіпсіз еңбек ортасын құру және жұмысшылардың құқығын қорғау жөніндегі шаралар туралы айтып берді.
Қалалық ипподромда штаб мүшелерінің спорт өкілдерімен және жергілікті «Көкмойнақ» командасының шабандоздарымен кездесуі өтті. Жүздесу барысында кандидаттың кәсіби және ұлттық спорт түрлерін дамытудағы, салауатты өмір салтын насихаттаудағы басымдықтары талқыланды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз