ӘРІПТЕСІМІЗДІҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

Жаңа жыл қарсаңында бар ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаз, мәдениет саласына да еңбегі сіңген Шәмшиден Шәріповтің туғанына 100 жыл, дәулескер күйші, композитордың атына берілген саз мектебінің құрылғанына 45 жыл толуына орай өлкеміздің өнерін насихаттап жүрген Ержан Шеруеновке мерекелік төсбелгі табысталды.

Шәмшиден Шәріпов – дәулескер күйші, бірнеше ән-күйдің авторы, артына өшпес мұра қалдырған даланың дарабозы. Аудан орталығындағы балалар саз мектебіне есімі берілді. Ол туралы айтқанда тума талант иесінің өзі жазып қалдырған «Менің өнер мектебім» атты естелігіне жүгінеміз. Дегенмен, ел ішін аралап, ардақты ағаның көзін көрген адамдармен пікірлесіп, бірнеше мақала, телетаратылымдар жасаған әріптесіміз Ержан Шеруеновке  Ш.Шәріповтің 100 жылдығы мен күйші композитордың атына берілген саз мектебінің 45 жылдығына арналған төсбелгінің табысталуы біз үшін де мақтаныш. Өлке өнері, ақын-жыраулары туралы бұрыннан да жазып келе жатқан әріптес.

Төсбелгіні табыстаған Ш.Шәріпов атындағы саз мектебінің директоры Ербол Ахтанов: «Осыдан бес жыл бұрын саз мектебінің қырық жылдық мерекесінде бірігіп қызмет атқардық. Естелік фильм түсіруге көмек қолын созды. Бейнефильмнің арқасында сол кезде өмірде болған Шәмшиден ағаның інісі Фарух Марданов, шәкірті Рая Латифуллина, алғашқы саз мектебінің директоры Мирас Қибашевтардің әңгімелері бүгін естелік болып қалып отыр. Мұнан басқа Шәмшиден Шәріповтің мол мұрасының бірі – «Балдырғандар» оркестрі туралы да біраз сапалы түсірілімдер жасады»,-дейді.

 

Нұрболат НҰҒМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521