Өркен мен Аққыстау ауылдары арасындағы жол жабылады

19-21 қараша күндері аралығында Аққыстау ауылынан Өркен ауылына темір жол арқылы өтетін жол жабылады. Ауылда жол құрылысы жүріп жатыр.

Тасжолдың үстіңгі қабаты төселуіне байланысты аталған аймақта көлік қатынасы тоқтайтын болады. Осыған байланысты тұрғындар немесе аудан қонақтары Өркен ауылына айналма жол арқылы өте алады. Яғни, жеңіл көліктерге көпір астымен, жүк көліктеріне Тұщықұдық ауылындағы "Қанаш" көпірі арқылы өту қарастырылған. Бұл жөнінде Исатай аудандық әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

"Уақытша қолайсыздықтар үшін алдын-ала кешірім сұраймыз. Жұмыстар мезгілінен бұрын аяқталған жағдайда жол жүру қатынасы жанданады" делінген хабарламада.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521