Құрметті оқырмандар!

Құрметті оқырмандар! Осымен екінші жыл қатарынан дәстүрге енгізіліп, көрісу күніне арнап өткізілетін «Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, күлімдесіп көрісіп, құшақтасып» атты ІІ Халықаралық айтыс наурыздың 12-13-і күндері күндері Атырау қаласында өткізілгелі отыр.

Сөз сайысына Балғынбек Имашев, Мейірбек Сұлтанхан, Жансая Мусина, Дидар Қамиев, Рүстем Қайыртай сынды сайыпқырандар қатысады деп күтілуде. Сонымен бірге ауданымыздан түлеп ұшқан ақын, өңір мақтанышы, «Нарын таңы» газетінің тілшісі Серікбол Панабердиев те осы сында бақ сынайды.

Ендеше, жерлесімізге қолдау білдірейік, ағайын. Хамит, Фариза, Мақсұт, Нұралыдай сөз сезгерлерінің жолын қуып, аудан намысын өзінің шабытымен талайлы шет жерлерде қорғап жүрген ақынға сіздердің қолпаштауларыңыз керек-ақ. Айтысты бірге тамашалайық!

«Нарын таңы» газеті редакциясы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521