Мұнай саласының ардагері К.Сдиховпен жеке, бейресми форматта мазмұнды кездесу өтті. Кездесу барысында ардагер өз еңбек жолы, мұнай саласының қалыптасу кезеңдері мен өндірістегі бай тәжірибесі туралы әңгімелеп, жас буынға ақыл-кеңесін берді.
Әңгіме барысында ол ел дамуы үшін жүргізіліп жатқан реформалардың маңыздылығына тоқталып, Жаңа Конституцияны қолдайтынын білдірді. Ардагердің пікірінше, конституциялық өзгерістер заң үстемдігін нығайтып, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтеді және әлеуметтік әділетті қоғам құруға негіз қалайды. Сонымен қатар бұл бастамалар экономиканың тұрақты дамуына, соның ішінде мұнай-газ саласының өркендеуіне оң ықпал ететінін атап өтті.




