Өрт қауіпсіздігі айлығы өтуде

Аудан көлемінде ағымдағы жылдың 15 қыркүйегі мен 15 қазаны аралығы өрт қауіпсіздігі айлығы болып жарияланды.

Айлық барысында ауданның төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен аудан аумағында орналасқан тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігінің алдын алу ережелері бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Жалпы бұл жұмыс әр уақытта назардан тыс қалған емес, өйткені жыл мезгілінің қай кезеңі болмасын өрт оқиғалары орын алып жатады. Ол оқиғалар түрлі себептерден шығып жататынын бәріміз білеміз, басым көпшілігі қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауынан болады. Бұл - әркімнің мұқият ескерер мәселесі. Сонымен қатар, ата-аналар балаларының қай жерде ойнап, қандай іспен шұғылданып жүргендерін үнемі бақылап отырса, артық етпес еді, өйткені, балалардың сіріңкемен, ашық отпен, өрт оқиғасын тудыратын басқа да заттармен ойнаулары опық жегізер оқиғаларға ұрындыруы әбден мүмкін. Ауданның төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарға айлық кезінде және күз айларындағы өрт қаупі кезеңдерінде қауіпсіздік талаптарының сақталуына қатаң назар аударулары қажеттілігін ескертеді.

Ғарипжан ҚҰРМАНОВ,

ауданның ТЖБ бас маманы, азаматтық қорғау майоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521