Исатай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және өрттің алғашқы белгілері байқалған сәтте дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарлауға шақырады.
Өрттің уақтылы хабарлануы – адам өмірін сақтап қалудың және материалдық шығынды азайтудың ең тиімді жолы. Көп жағдайда өрттің ұлғаюына кеш хабар беру немесе немқұрайлық себеп болады. Сондықтан түтін, күйік иісі немесе ашық жалын байқалса, уақыт жоғалтпай құтқару қызметіне хабарлау қажет.
Исатай ауданы ТЖБ мамандары тұрғындарды электр құралдарын дұрыс пайдалануға, ашық отты бақылаусыз қалдырмауға және балалардың сіріңкемен ойнауына жол бермеуге үндейді.
Есіңізде болсын: бір қоңырау – бірнеше өмірді сақтайды!
Исатай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі



