Өрт қауіпсіздігін сақтау қағидалары

Фото: интернеттен

 Жеке тұрғын үйлерде өртті болдырмау, өрт қауіпсіздігінің алдын алу шаралары жыл сайын белсенді түрде ұйымдастырылып келеді.

Қыс мезгілінде тұрғын үйлерде ережеге сай салынбаған жылу пештерінің ақаулығынан өрт оқиғалары жиі орын алатыны белгілі.Халық үшін ең қауіп төндіретіні улы газ екенін естен шығармаған жөн. Өрт шықпауы да мүмкін, алайда сол пешке от жағу кезінде улы газ бөлініп, ауадағы оттегінің мөлшері азаяды. Сондықтан зардап шегушілердің көпшілігі оттан емес, түтінге және жану кезінде бөлінетін улы заттарға тұншығып қалады. Адамдар ұйқыға кетіп, қайта оянбай қалып жататыны да сондықтан. Ал өрттің басым көпшілігі жеке тұрғын үй секторларында орын алады          

 Біле жүріңіз, тұрғын үйлер мен пәтерлерді жылыту үшін көбінесе зауыттық емес өндірушілердің жылытқыштарын қолданады. Ол өз кезегінде баспанаға ғана емес адам өміріне де қауіп төндіреді. Қолданыстағы өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, стандарттық емес электр жылыту құралдарын қолдануға, жүктеме мен қысқа тұйықталудан қорғаушы калибрлі емес қолдан жасалған аппараттарды пайдалануға тыйым салынады.

          Бастысы, пешті пайдалану кезінде немқұрайлылық танытпау қажет. Пештерді кемінде 3 айда бір рет, 2 айда бір рет түтін мұржаларын ыстан тазалап, қатты отынның сапасына мән беріп, электр желілерін шектен тыс жүктемеген жөн. Өрт немесе жану оқиғасы болған жағдайда тез арада «101», «112» хабарлап, өртті сөндіруге және адамдар мен бағалы заттарды қауіпсіз жерге көшіруге әрекет жасаған маңызды.  

         Жылыту маусымы кезеңіндегі өрт қауіпсіздігін сақтайық. Ол үшін мына ескертпелерді естен шығармағаныңыз абзал.

          Пешті және басқа да жылыту аспаптары мен жүйелерін жағатын мерзім алдында жөндеп, тексерістен өткізіп алу керек. Түтін шығатын мұржалар мен пештерді от жағардан бұрын және от жағу мерзімі аяқталғанға дейін үш айда бір рет тазалап алыңыз.

         Міне, осындай өрт қауіпсіздігін болдырмау шараларын орындап, үйіңіздің, отбасыңыздың, жеке басыңыздың амандығын өрт жағдайларынан, газдан улану апаттарынан сақтап қала аласыз!

 

Исатай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT