Рухани байлықтың мерекесі

суреттер автордікі

 

23 сәуір – елімізде кітап пен оқырман мәдениетіне құрмет ретінде аталып өтетін Ұлттық кітап күні. Былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын. Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді.

 

 

Осы атаулы датаға орай және Таза Қазақстан акциясы аясында аудан орталығы Аққыстау ауылындағы “Қазақ елі” саябағында «Кітап – рухани сарқылмас қазына» атты мазмұнды мерекелік іс-шара өтті.

 


Бұл күн жай ғана кітап туралы әңгіме емес, ұрпақтың жүрегіне руханият шырағын жағу, парасат биігіне бастар жолдың бастауы.

 

 

Іс-шара аясында оқырмандар мен кітапхана жанашырлары бас қосып, кітаптың адам өміріндегі маңызына терең бойлады.

 

 

Әсерлі көрме ұйымдастырылып, сүйікті туындылар таныстырылды. Жас оқырмандар көркемсөз оқып, аға буын кітаппен бөліскен естеліктерін жеткізді.

 

 

Тағылымды шарада аудан әкімі Нұрым Мусин құттықтау сөз сөйлеп, Ұлттық кітап күнінің маңыздылығына тоқталды.

 

 

– Кітап – тек білім көзі емес, ол – адам бойындағы рухани байлықты қалыптастыратын құдіретті құрал. Бүгінгі ұрпақ кітаппен тәрбиеленсе, ертеңгі елдің келбеті кемел болады. Бұл мерекенің басты мақсаты – жастарды оқуға, ойлануға, ізденуге баулу,-деді аудан басшысы өз сөзінде.

 

 

Бүгінгі қоғам кітаппен үндессе – келешек кемел, сана сергек болары сөзсіз.

 

 

Сондықтан кітап – өткеннің аманаты, болашақтың бағдаршамы.

 

 

Ұлттық кітап күні – осы қазынаны ұлықтайтын, руханияттың тамырына нәр беретін күн.

 

 

 

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT