Рухани келісім күні - тұрақтылықтың белгісі!

Аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен  "Рухани келісім" күніне орай аудандық орталық кітапханада дөңгелек үстел өткізілді.

Аталмыш шараға -Қоғамдық келісім кеңесінің аудандық сарапшысы Е.Насимуллин, Исатай ауданының құрметті азаматы,журналист әрі жазушы М.Бектенов, аудандық аналар кеңесінің төрайымы - Н.Хайдар, Аққыстау ауылдық ардагерлер кеңесінің төрайымы,ардагер ұстаз - Л.Мутянова, Зинеден мешітінің бас имамы Ж.Сисенбаев және де Жастар орталығы мен мәдениет саласының қызметкерлері белсене атсалысып қатысты.

Дөңгелек үстелде Исатай аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Халидоллақызының төрағалығымен өте ауқымды тақырыпта  тамыры кеңге жайылған, қазіргі қоғамымыздың бір кеселі - дәстүрлі дін туралы өзекті мәселелер қозғалды.

Бүгінгі күнде асыл дінімізбен мүлдем жанаспайтын жат ағымдар жетегінде кеткен қаншама қандастарымыз өз жақындарынан, достарынан теріс айналып жатқаны баршаға мәлім. Сондықтан, келешекте " кеңесіп пішкен тон келте  болмас" дегендей дөңгелек үстел барысында ақсақалдар мен жастарды бір ауыздан жинап, осындай рухани жанға азық болатын шаралар көптеп ұйымдастыруды көзделді. "Болашақ- бүгіннен басталады" - дегендей әр адам өз ұрпағына дұрыс тәрбие беріп, жеке тұлға қалыптастыруы қажет.

Жастардың діни сауатты, көзі ашық болу жолында осындай шаралардың ұйымдастырылуы аса маңызды. Сонымен қатар аталмыш жиында бүгінгі күннің өзекті мәселелері көтерілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521